Элайнерлерді дайындау

Элайнерлер: жүйе қалай істейді

Тамаша күлкіге қол жеткізу үшін осыдан 30 жыл бұрын поликарбонатты каппалар қолдана бастады. Оларды дайындау үрдісі еңбекті көп қажет етті және ұзақ болды. 1998 жылдан бастап элайнерлер өндірісі жаңа деңгейге көтерілді. Алдымен компьютерлік үлгілеу қолданыла бастаса, кейіннен 3D-технология пайда болды.

2012 жылға дейін барлық элайнерлер әлемнің тек бірнеше қалаларында ғана өндірілді және оның бағасына әсерін тигізді. 2015 жылдан бастап түзетуге арналған каппаларды Астанада дайындай бастады. Тиісінше бағасы да төмендеді.

Элайнер дегеніміз не?

Элайнер – тістерді түзеуге арналған алмалы-салмалы ортодонттық каппалар топтамасы. Жүйе тістердің барлық үстіне үнемі (курстан өту кезінде каппа тісте тәулігіне 22 сағаттан аз болмауы керек, яғни екі апта ішінде 308 сағат) және анық шамаланған қысым көрсетеді. Емдеу белгіленген параметрлермен каппаны жаңасына бірнеше мәрте ауыстыру есебінен жүзеге асады.

Өзгерістер қалай болады

Емделуші диагностикалаудан, емдеудің виртуалды жоспарын құрудан және келіскеннен соң, элайнерлерді дайындаудан кейін тістерді түзеу процедурасына кіріседі. Ол келесі жолмен жүргізіледі:

  • бірінші каппа тісті бекітіп және оларды белгіленген жол бойынша қысып тұрады, 2 апта болар-болмас қозғалады;
  • келесі элайнер қол жеткен нәтижені бекітіп тұрады және жол бойынша ары қарай жылжи береді;
  • үрдіс емдеуші дәрігердің бақылауында күткен нәтижеге қол жеткізгенше созылады;
  • курс (ауытқушылықтың күрделілігіне қарай) – 2-3 айдан 1-2 жылға дейін.

Ортолайнермен емдеуді қалай бастайды

Ол үшін:

  • ORTHOLINER жүйесімен сертификаттаудан өткен клиникалардың біріне бару керек.
  • Ортодонт дәрігер ақаудың күрделілігін анықтап, оны жою мүмкіндігін айтады.
  • Тіс дәрігері бірнеше кескінде бет және тіс қатарының үстін суретке түсіреді.
  • Силиконды көшірме бейнесі немесе диагностикалық гипстік үлгілер дайындалады, ОПТГ ұсынылады.
  • Барлық алынған диагностикалық материалдар зертханаға жіберіледі.

Ортолайнерлерді қалай дайындайды

Қазақстанда элайнерлер өндірісі бірнеше кезеңмен жүргізіледі:

  • Астанадағы зертхана дәрігерден диагностикалық материал алады.
  • Зертханада тіс технигі диагностикалық материалды сканерлеп, емделуші тісінің виртуалды үлгісін жасайды.
  • Ортодонт дәрігердің кеңесі мен алынған деректер негізінде емдеудің виртуалды жоспары дайындалады.
  • Алынған нәтиже дәрігерге және емделушіге келісуге жіберіледі.
  • Келісілгеннен кейін 3D принтерде үлгілер басып шығарылады және ортолайнерлер дайындалады.

Емделуші емдеуші дәрігердің ұсынымын орындап, белгіленген мерзімде мөлдір каппаны киіп жүруі керек. Өзіңізді не тамақтан, не қарым-қатынастан шектемей, өмірдің рақатына бөленіп, тамаша күлкіге ие болыңыз.