Емделушілерге арналған жадынама

ORTHOLINER элайнерлерімен емделу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше ережелерді сақтау қажет:

  • Әр каппаны 2 апта бойы тәулігіне 22 сағаттан киіп жүру керек. Каппаны тамақ ішкенде және тісті тазалау кезінде шешуге болады.
  • Каппаны тамақ ішер алдында шешкен жөн. Үйреншікті дағды мен артықшылықтарды өзгертудің қажеттігі жоқ. Каппада ыстық сусындарды пайдалануға болмайды.
  • Каппада темекі шекпеген дұрыс, себебі каппаның түсі өзгеруі мүмкін.
  • Каппаны тіс щеткасымен тазалауды ұмытпаңыз.
  • Тамақ ішкенде немесе тісті тазалау кезінде каппаны жиынтықта бірге жүретін арнайы ыдыста сақтау қажет.
  • Тістердің түзелу үрдісін бақылау үшін айына 1 реттен кем емес емдеуші ортодонт дәрігерге барып тұрыңыз.

Емдеу мерзіміне қарамай, Сіз емдеуші дәрігердің айтқан барлық кеңесін сақтаңыз және де каппаны барлық курс бойы киіп жүру керек. Дәрігердің айтқан барлық нұсқауына құлақ салсаңыз, міндетті түрде күлкіңіз жарқын болады.