Дәрігерлерді оқыту және сертификаттау

Тілек білдірушілерді ORTHOLINER жүйесі бойынша курстар мен семинарларға шақырамыз. Технологиялық ілгерілеумен алға қадам басқан және қазіргі заманғы жоғары технологиялық материалдар мен құралдарды тиімді пайдалануға талпынған әрбір дәрігердің арсеналында осы заманғы білімнің өзекті базасының болуы міндетті, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдана да білуі қажет. Сондықтан да біз тіс дәрігерлерін оқытуды ұйымдастырамыз және өткіземіз, дәрігерлерге түрлі оқу бағдарламаларын ұсынамыз.

ORTHOLINER жүйесі бойынша оқу үрдісі мол тәжірибесі бар кәсіби мамандармен жүзеге асырылады, дәл осылай біз біздің семинарларда дәрігерлер жинайтын ақпараттардың құндылығы мен беделіне кепілдік етеміз.

Соңғы жылдары стоматология кәсібі өзінің дамуына мол қадам жасады және де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Жүйелі ғылыми зерттемелер сөзсіз өзіне назар аудартып, оқу бағдарламасының әрбір кезеңінде қарастырылып отырады.

Дәрігерлерді оқыту және сертификаттау – көп еңбекті және кәсіби тәсілдемені талап ететін үрдіс. «ORTHOLINER» қолдағы бар білімді нығайтуды, сонымен қатар жаңа пайдалы ақпаратты меңгеруді ұсынады.

Сіз стоматология саласындағы барлық жаңалықтардан хабардар боласыз. Стоматология әлеміндегі жаңа енгізілімдерге қатысты барлық нәрсені, соның ішінде элайнерлерді де білетін боласыз. Курстарда осы емдеу жүйесі, кезеңдері мен артықшылықтары егжей-тегжейлі оқытылады.

Әрбір тіс дәрігерінің сұрағына дәріскерлер қуана-қуана жауап беріп, барлық проблемалық сәттерді түсіндіреді.

Тістерді емдеу – өте шебер және әдемі істелетін жұмыс. Жаңашылдыққа және өзін-өзі кемелдендіруге талпынатын кәсіпқой маман ғана медицинаның осы саласында жетістікке жете алады. Өзін-өзі дамыту ешқашан кеш емес!

Өткен семинарлар

Прошедшие семинары
Прошедшие семинары
Прошедшие семинары
Прошедшие семинары

СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕУ ҮЛГІСІ

Күні Қала Семинар Түсініктеме Бағасы
28.09.2017 Астана қ.
21.10.2017 Алматы қ. «ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу негіздері» ORTHOLINER жүйесімен емдеу үшін дәрігерлерді сертификаттау

«ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу негіздері» семинардың мазмұны

  • ORTHOLINER 3D өндіріс технологиясы;
  • ORTHOLINER элайнерлерінің көмегімен тістерді биомеханикалық жылжыту;
  • ORTHOLINER көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері;
  • Имплантация мен протездеуге дайындау;
  • Ауыстыру үшін орындар құру;
  • Аттачменттер және оларды орнату хаттамасы;
  • Виртуалды жоспарлау үшін диагностикалық материалдардың стандарттары;
  • Түрлі патологияларды емдеу үлгілері;
  • Науқастың клиникалық картаны жасау;
  • Виртуалды жоспарлау бағдарламасымен жұмыс істеу;
  • Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беру;