Брекетсіз тістерді қалай түзетуге болады

Қазіргі заманның адамдары денінің саулығын ғана емес, сонымен қатар әдемі болуды армандайды. Қай елде (Қазақстан, Ресей, Франция, АҚШ) өмір сүресіз, ол маңызды емес, тістердің әдемі пішіні мен голливудтік күлкі сұлулықтың өлшемі болып саналады.

Күні кеше тістерді түзетудің дәстүрлі әдісі болып брекеттер саналды. Осы металл пластиналар шынында тіс қатарының кейбір ауытқушылықтарынан арылуға көмектеседі, алайда көбісі оларды тартымсыз түріне бола киіп жүруді қаламайды. Сол кезде брекетсіз тістерді түзетуге болама деген сұрақ туындайды.

Брекетті қай кезде кимесе болады

Брекеттерді көбісі жасөспірімдік немесе балалық кезде киеді деп есептейді, әр ересек адам брекет-жүйені киіп жүруге келісе бермейді.

Шындығында тістерді брекетті пайдаланбай-ақ түзетуге әбден болады. «Брекетсіз» жүйенің тиімділігіне мына жағдайда қол жеткізуге болады:

  • тістердің тығыздығы;
  • фронталды бөліктегі айқасқан тістем;
  • трема немесе диастемалардың бар болуы;
  • өмір сүру тәсілі мен кәсібі мінсіз бейнені және кемшіліксіз дикцияны талап етеді.

Брекет-жүйесіз тістерді түзету әдістері

Заманауи стоматология брекет-жүйені пайдаланбай-ақ, тістерді түзеудің бірнеше амалдарын ұсынады. Олардың кейбірі – пластинаның қарапайым жетілдірілген түрі, ал кейбірі – негізгі әдістемеден түбегейлі өзгеше.

  1. Трейнерлер. Көп атқарымдық құрал, пішіні жағынан стоматологиялық капаны еске салады. Бастапқы, соңғы үлгісі бар және ретейнер.

Шығару үшін супериілгіш полиуретан пайдаланылады. Бастапқы кезде бейімделу үшін жұмсақ трейнерлер қолданады, ал соңғы кезінде, тістерге әсерін күшейту үшін қаттысы қолданылады. Ретейнерлерді нәтижені бекіту үшін пайдаланады.

Артықшылықтарының арасынан 10-12 жасқа дейінгі балаларда тістеуді түзету мүмкіндігін айтып кеткен жөн, тек түнге қоюға болады, айрықша күтімді қажет етпейді.

Кемшіліктері:

  • Емдеудің ұзақ мерзімі (бір жылдан аса).
  • Басында ауырады.
  • Бақылаусыздықтан түнде түсіп қалуы мүмкін, ол емдеу тиімділігіне әсер етеді.
  • Ретейнерлерді алдын алу үшін бірнеше жыл киіп жүруге тура келеді.
  1. Винирлер. Қымбат, керамикадан жасалады, баламалы жол ретінде – композитті пломба салу материалынан да жасайды. Тегіс емес тістерді түзеу керамикалық пластинкаларды мықты цементпен бекіту арқылы жүргізіледі.

Бұндай тәсілдің өз артықшылығы бар, алайда кемшілігі одан да көп:

  • тістерді қатты қисайған кезде түзету мүмкін емес
  • винирлерді өмір бойы киіп жүруге тура келеді және әр 1 жыл сайын ауыстырып тұру
  • жоғары баға.
  1. Композитті қалпына келтіру. Бұл материалды пайдалану арқылы қалпына келтіру әдісі, арнайы шамның әсерінен өте мықты болады.

Артықшылықтарының арасынан мыналарды атап өтуге болады:

  • процедурадан кейін эстетикалық түрі,
  • бейімделуді қажет етпейді,
  • қолжетімді баға.

Кемшілігі:

  • қызмет ету мерзімі – 5 жыл
  • бояғыш заттарды тез сіңіреді
  • үнемі және мұқият күтуді талап етеді.

Элайнерлер

Тістердің ауытқушылығын түзетудің ультра заманауи тәсілі, оның тиімділігін жеке айтып өткен жөн. Элайнерлер – бұл тістерді түзеуге арналған ортодонттық каппалар. Брекеттердегі сияқты әрекет ету принципі – бірте-бірте тістерді түзейді.

Элайнерлермен емделу бірнеше кезеңмен жүргізіледі: тістердің бейнесін алу, емдеудің виртуалды жоспары жасалады, емдеу кезеңін бекіткеннен кейін зертхана каппа жиынтығын дайындайды.

Пациент емделу үшін әр элайнерді тәулігіне 22 сағат 2 апта бойы киіп жүруі керек.

ORTHOLINER-дің келесідей артықшылықтары бар:

  • элайнерлер жеке дайындалады;
  • тісте көрінбейді;
  • тісті тазалау мен тамақ ішерде шешіледі;
  • дағдылану проблемасы жоқ;
  • классикалық жүйелерге қарағанда қарсы көрсетілімдері айтарлықтай аз; қарсы көрсетілімдері жоқ;
  • бағасы (Қазақстанда элайнерлер дайындайтын меншікті зертхана ашылды).

Таңғажайып күлкіге қол жеткізудің әдістері қаншалықты қарапайым және тартымды болса да, тегіс емес тістерді түзету дәрігердің айрықша құзыреті, ол тістерді түзетудің оңтайлы тәсілін таңдайды.