Қайта минералдану каппасын дайындау

Тістердің ремотерапиясы – бұл ауыз қуысы тазалығының ажырамас бөлігін құрайтын өзінше бір алдын алу шарасы. Бұндай емдеу шараларының мақсаты – тістің қатты тінінің қайта минералдануы. Осындай емдеу тәсілі минералсыздану нәтижесі ретінде пайда болатын тіс эмалінің көптеген ақауларын түзеуге мүмкіндік береді.

Емдеу шаралары мыналарға бағытталған:

  • Эмалді нығайту
  • Минералдар жетіспеушілігінің орнын толтыру
  • Тістердің сезімталдығын төмендету
  • Тісжегінің пайда болуына жол бермеу

«ORTHOLINER» Қазақстанда ORTHOLINER mineral СБ-мен қайта минералдану каппаларын дайындаумен айналысады. Біз стоматологиялық клиникалармен қарым-қатынас жасаймыз, сонымен қатар дайындау сұрақтары бойынша егжей-тегжейлі кеңестер береміз.

Қайта минералдану тісті айтарлықтай нығайтады. Осы терапия барысында пайдаланатын дәрі-дәрмектердің құрамында мыналар бар:

  • фосфаттар
  • кальций
  • магний

«Оrtholiner mineral» қайта минералдану каппаларының артықшылығы:

  • ROCS қайта минералдайтын гелмен бірге қолданылады және шығарылады
  • Емдеу үрдісі қолайсыздық тудырмайды және ауырмайды
  • Ауруды басатын дәрілер қолданылмайды
  • Қарсы көрсетілімі жоқ
  • Тістің сезімталдығы айтарлықтай азаяды

Әр капа емделушінің көшірме бейнесінің негізінде жасалады, оны кейіннен күнделікті гелді тістің бетіне жағып, гелді сілекеймен шайып кетпеуден қорғау үшін капаны кигізеді. Емдеу курсын тіс дәрігері белгілейді.

ROCS гелі

Магний, кальций, фосфор секілді минералдар кешенінен тұрады: бұл микроэлементтер тіс тінінің тұтастығын сақтауға бағытталған. Бүгінгі таңда осы зат көптеген стоматологиялық клиникаларда таралған. Дәрінің әсері бастауыш жастағы балалар үшін де еш қауіп төндірмейді. Гелдің жақсы жағы – оның құрамында фтор жоқ. Дәрілік құралды үйде де пайдалана беруге болады, гелді өздігінен қолдануға ыңғайлы.

ROCS гелінің жақсы жағы:

  • Сәби кезден қолдануға болады
  • Құрамында қышқылдар мен зиянды құрамдастар жоқ, сондықтан жұтып қойған жағдайда қауіпті емес
  • Тісжегімен күресте және алдын алуда жоғары нәтиже көрсетеді
  • Гелдің құрамында фтор жоқ

Қандай жағдайларда қайта минералдану қажет:

  • Тіс эмалін жоспарлы түрде ағартқанда
  • Жүктілікте
  • Тісжегінің бастапқы кезінде
  • Тісті кәсіби тазартқаннан кейін
  • Тіс сезімталдығының артуында

«ORTHOLINER» стоматологиялық клиникалар мен жеке кабинеттерге сапалы және сенімді құрал – «ORTHOLINER mineral» қайта минералданатын каппаларды дайындауды ұсынады, ол заманауи тіс дәрігерінің арсеналында болуы керек.