Біз Қазақстанда «ORTHOLINER fixed» ретенциялы каппаны дайындау қызметтерін ұсынамыз. Стоматологиялық клиникалар үшін кеңестер өткіземіз, емделушілердің сұрақтарына жауап береміз.
Ретенциялы каппа не үшін керек?
«ORTHOLINER fixed» алмалы-салмалы ортодонттық жүйеге жатады. Базалық емдеу аяқталғаннан кейін нәтижені бекіту үшін пайдаланылады. Брекет-жүйе немесе элайнерлерді киіп жүру аяқталысымен тіс дәрігерлері тістерді бекіту мен тістердің қайтадан қисайып кетпеуін және қате тістемді болдырмау мақсатында осы құралға жүгінеді. Басқаша айтқанда – емдеу нәтижесін бекіту.
Бүгінгі күні ретенциялы каппаның екі түрі бар:
- Алмалы-салмалы – жауапты және адал емделушілерге ұсынылады, олар ол туралы «ұмытпайды» және тіс дәрігерінің ұсынымдарын ескеріп жүреді.
- Үнемі (алынбайтын) – металл доға тәрізді, ол тістің ішкі қатарына бекітіледі. Өкінішке орай олардың бірқатар кемшіліктері бар.
ORTHOLINER fixed мөлдір алмалы-салмалы каппаға дұрыс күтім жасау
- Каппаны күніне екі рет тазалау жеткілікті
- 40 градустан жоғары суда ұстауға болмайды
- Каппа пішінінің өзгеруіне жол бермеу
- Тамақ ішер алдында каппаны шешу
- Мөлдірлігін сақтау үшін қатты бояғыш әсері бар бояғыш сусындарды/тамақтарды пайдаланбау (никотиннен бас тартқан жөн)
- Арнайы контейнерде сақтау қажет (жоғалу немесе бұзылмауы үшін)
- Азғана ақаулар пайда болса, емдеуші дәрігерге көріну
Негізгі сипаттамасы:
- Алдын ала көшірме бейненің негізінде зертхана жағдайында дайындалады
- Каппаны дайындау мерзімі – 2-3 күн
- Сыртынан қарағанда тіс эмаліне тығыз қабысқан қаптама сияқты көрінеді
- Базалық материалдар – биополимерлер
- Гипоаллергенді, улы емес және балаларға қауіпсіз
- Мөлдір, күлкіні бұзбайды
- Каппаға бейімделу кезеңі 2 сағаттан көп емес
- Тістер каппаның тығыз қабысуынан нық қорғалған.
ORTHOLINER fixed ретенциялы каппаның артықшылығы:
- Әдемілігі
- Сөйлеу кемістігін өршітпейді
- Қолдануда ыңғайлы
- Қолайлы баға
- Жай күтім
- Киіп жүру кезінде қолайсыз емес
Ретенциялы каппаны дайындау – сұлулық пен тартымды күлкіге жетелейтін ақтық кезең, ал ORTHOLINER fixed сіздің тамаша күлкіңіздің сақтығын қамтамасыз етеді.