Жеке капалар: түрлері, дайындау

Элайнер – тістерді түзеуге арналған алмалы-салмалы ортодонттық құрылым, арнайы арналған материалдардан дайындалады. (Элайнерлер стоматологияда каппа ретінде көп танылған). Жеке капа ортодонттық, терапевтік стоматологияда, сонымен қатар спортпен шұғылданғанда қолданылады. Капаның ерекшелігі мен бағасы оның мақсатына байланысты болады.

Капа емделушіге психологиялық жайсыздық тудырмайды, себебі ол айналасындағыларға білінбейді, мөлдір материалдан дайындалған. Артықшылығы – жайлылығында. Олар тез шешіледі, айрықша күтімді қажет етпейді, маңыздысы – тісті тазалау мен тамақ ішер алдында каппаны шешіп қою.

Ағартатын каппа дайындау

Көбіне каппаны тісті екі реңкке ағарту үшін дайындайды. Клиенттің бос уақытында ағартуды үйде де жасауға болады. Емделушінің температуралық көрсеткішінің қысымымен белсендірілу басталатын арнайы гель жағылады. Соның арқасында тістер 7-8 реңкке ашық бола түседі. Емдеудің ұзақтығы емделушінің жеке көрсеткішіне және тістерінің түсіне қатысты оның тілегіне байланысты болады. Ағарту кезеңмен орындалады, дәрігер оның мерзімділігі мен ұзақтығын өзі белгілейді.

Ағартатын каппаны дайындау кезеңдері:

  • Стоматологпен кеңес өткізу.
  • Тістерге кәсіби тазарту жүргізу.
  • Одан әрі көшірме бейнесін жасайды, ол үшін жоғары сапалы материалды пайдаланады. Ол дәл элайнер (капа) дайындауға мүмкіндік береді.
  • Бейнені зертханаға жіберу.
  • Диагностикалық үлгі дайындау, сканерлеу.
  • 3D принтерде үлгілерді басып шығару.
  • Элайнерлер дайындау, кейін стоматологияда қолданады.

Қазақстанда капалар дайындауды (Астанада немесе басқа қалада) жеке кәсіби зертханалар орындайды, кейін оларды тіс дәрігерлеріне табыстайды, олар өз кезегінде оларды емделушілеріне береді. Осындай қызметтің құны – эстетикалық, адамгершілік тұрғыда, денсаулыққа пайдалы жағынан толықтай дәлелденді.

Капалар тағы қандай болады

Ағартатын элайнерлерден басқа мыналар жасалады:

  • Спорттық. Басты мақсаты – спорттың қауіпті түрімен айналысу кезінде тістер мен қызыл иекті қорғау. Осындай бұйымдар сау тістерді сақтайды, бұлшықеттердің балансын тұрақтандырып, күшейтеді.
  • Ретенциялық. Нәтижені бекіту үшін ортодонтияда пайдаланады.
  • Бруксизм кезінде. Бруксизм – тісті қайрау, қысу және қапсыру, ол бұлшықеттің қысылуы салдарынан пайда болады. Бұндай каппаны түнгі уақытта киеді, ол ауруды жоймаса да, тістердің желінуін болдыртпайды.
  • Қайта минералданатын. Бұл дәрілік заттарды жағу арқылы каптың жеке варианты, ол тістерді түрлі аурулардан қорғайды.