Капаның көмегімен брекетсіз тістеуді түзету

Тістеуді түзету туралы ойлаған кезде, пациент емдеудің брекетпен байланысты екенін іштей түсінеді. Екінің бірі оны киіп жүруге келіспейді, себебі өзін жайсыз және қолайсыз сезінеді. Капа – брекеттерге заманауи баламалар.

Капа және олардың артықшылықтары

Элайнер – ортодонттық капа, тіс қатарын түзеу мен түзету үшін қолданылады. Заманауи стоматологиялық клиникалар бірқатар қызметтерді ұсынады, солардың ішінде брекетсіз тістеуді түзету бар. Бағасы жоғары емес, себебі бұл жерде әңгіме сұлулық пен денсаулық жайында болып тұр. Капа биопластиктен жасалған алмалы-салмалы ортодонттық жүйе. Мөлдір капаның бірқатар артықшылықтары бар:

  • мүлдем ауыруды сезінбейсіз (тек алғашқы бірнеше күнде байқалады);
  • каппа шырышты ауыз қуысын зақымдамайды;
  • тез дағдылану;
  • стандартты гигиена;
  • алмалы-салмалы құрылым үйреншікті тұрмыс қалпын қамтамасыз етеді;
  • бөгде жандарға мүлдем көрінбейді;
  • жайлылықтың жоғары деңгейі;
  • элайнер жұқа болғандықтан, дикцияға әсер етпейді.

Ортодонттық каппаның әрекеті

Тістеуді түзетуде каппа брекеттер секілді әрекет етеді. Олар тіске үнемі және тұрақты әсер етеді, сөйтіп олар орнын ауыстырып отырады. Тістердің тістеуін түзету біртіндеп жүреді, бұл ретте тістердің визуалды деңгейінде қабылдауы айтарлықтай жақсарады.

Заманауи технологиялармен бірге компьютерлік үлгілеу тіске қажетті әсерді таса қылмай, бейнеден пациент тісінің дәл сандық үлгісін жаңадан жасауға мүмкіндік береді. Бұл тістеуді түзетудің жоғары дейгейдегі тиімділігін қамтамасыз етеді. Каппаның кез келген үлгісінің әрекет ету жүйесі тістерді ауыртпай түзейді, ыңғайсыздық тудырмайды.

Тістеуді түзету тәсілі

Әдемі күлу және сау тістер – денсаулық кепілі. Тістеу деп үстіңгі жақтың төменгімен  қабысқан кезінде тістердің орналасуын айтады. Егер қабысу тегіс болмаса – тістеу дұрыс емес. Бұл төменгі және үстіңгі шайнайтын тістердің бір-біріне сай келмеуіне әкеледі. Көптеген стоматологиялық клиника пациенттерінде қате тістеу кездеседі, оларды брекетсіз түзеу мыналардың есебінен мүмкін болады:

  • пластинкалар;
  • трейнерлер.

Пластинка екі түрлі болады: алмалы-салмалы және алынбайтын. Алмалы-салмалы үлгінің құрылымы сапалы пластмассадан жасалады. Олар металл ілгіштерге бекітіледі. Тіс қатарының қисығы көрінетін болса, қосымша бұрандалар мен серіппелер пайдаланылуы мүмкін. 13 жастан аспаған балаларға ұсынылады.

Алынбайтын пластинка тістердің сыртқы бетін түзеуге арналған. Бұл құрылымдағы әр тоғынның металл доғамен бекіту жүйесі бар, оларды уақыт келе керек бағытта қысып отырады. Бұл жағдайда стоматологиялық көмек тіпті үлкендерге де қате тістеуді түзетуге мүмкіндік береді.

Тістеуді түзету үшін трейнерлер мен ретейнерлер

Трейнер ортодонттық аппарат сияқты. Иілгіш силиконнан не полиуретаннан дайындалады. Силикон киілуге жайлы болуы және тістерді тиімді түзеу үшін арнайы өңделеді. Одан басқа, трейнерлер:

  • тілдің дұрыс орналасуын қалпына келтіреді;
  • сөйлеу кемістігінің жойылуына себепші болады;
  • бұлшықеттерді жаттықтырады.

Оларды көбіне туа біткен және де пайда болған бет жарақаттарын емдеуде пайдаланады. Қазақстан – ол заманауи стоматологиялық клиника мамандары пациентке кәсіби қамқорлық көрсететін ел, олар жекелей әр жағдай үшін жеке шешім таңдауға көмектеседі.

Ретейнерлер – ол арнайы пішінді металл құрылғы, ол брекеттің көмегімен тістеуді түзету нәтижесін бекітуге көмектеседі. Түзетудің бұл тәсілі оларды кез келген жағдайда киіп жүруді көрсетеді, себебі брекеттерді шешкеннен кейін олар тістеудің қайта өзгеруін болдыртпайды. Ретейнер алмалы-салмалы және алынбайтын болады, тіс қатарын дұрыс жерде сенімді ұстап тұрады.