Қол жетімді және ыңғайлы

ORTHOLINER ақшаңыз бен уақытыңызды үнемдейді.

ОRTHOLINER Қазақстан нарығындағы ең қолжетімді элайнерлер. Тапсырыс алғаннан бастап дайындау мерзімі бар жоғы бірнеше күнді құрайды.

ОҚУДАН ӨТУ

Артықшылығы

Illustration of clear aligner

Тиімділігі

ORTHOLINER элайнерлері ұзақ және жоғары жүктемеге оңтайландырылған мөлдір, мықты және жұқа материалдан дайындалған. Денсаулыққа қауіпсіз. Биоүйлесімділік DIN/EN 30993-1 сәйкес расталған. CE 93/42/EWG сертификаты.

Illustration of money

Қолжетімділік

Жетекші импортты жабдықтардағы жергілікті өндіріс. Нарықта осыған ұқсасқа қарағанда қолжетімді және тез.

Illustration of volume knob

Икемділік

Бағасы қажетті элайнерлердің санына байланысты. Элайнерлерді кезеңмен дайындау мүмкіндігі, ол емдеу үрдісін түзетуге мүмкіндік береді.

ORTHOLINER көмегімен тістердің ауытқушылығын түзету

Қазіргі кезде әрбір адам әдемі күлкіні армандайды, бірақ табиғи сау және әдемі тістермен мақтанатындардың саны сирек. Қате тістем, тіс қатарының жылжуы, жалпы қатардан тістердің шығып кетуі адамға жайсыздық келтіреді. Сондықтан да стоматологиялық емдеу танымал болып келеді.

Қай кезде пайдалануға болады

ORTHOLINER – бұл тістерді түзетуге және тістеуді түзеуге арналған ортодонттық каппалар топтамасы. Брекеттерге қарағанда капа айналасындағыларға білінбейді.

ORTHOLINER (Ортолайнер) мынадай проблемаларды шешеді:

  • диастема, трема;
  • тістердің тығыздығы;
  • фронталды бөліктегі айқасқан тістем;
  • адекватты имплантация жүргізу.

Элайнерлерді орнату мүмкіндігін тек ортодонт дәрігер анықтайды.

Ортолайнердің артықшылығы

Элайнерлердің айрықша ерекшелігі – көрінбейтігінде, оларды дайындау кезінде пластик немесе мөлдір құрылымды силикон пайдаланылады. Сондықтан тіс қатарының ауытқушылығын емдеу кезінде Ортолайнерді қолданудың мынадай артықшылықтары бар:

  • Білінбейтіндігі. Емделуші еш қысылмастан күле де, сөйлесе де алады.
  • Сөзі өзгерусіз қалады. Брекетке қарағанда элайнер дикцияға болмашы әсер етеді, ол уақыт келе жойылады.
  • Жайлылығы. Аппарат алмалы-салмалы болғандықтан, емделуші күнделікті тамақтану режимін сақтап қалады.
  • Сапасы. Ортолайнерлер өндірісі кезінде сертификаттаудан өткен неміс өндірушілерінің жоғары сапалы материалдары мен жоғары технологиялық жабдықтары пайдаланылады.
  • Жеделдігі. Дайындау мен жеткізу көп уақытты алмайды (егер Сіздің еліңіз Қазақстан болса – бірнеше күн). Ал бұл капа бүлініп немесе жоғалып қалған жағдайда өте маңызды.
  • Тиімділігі және қауіпсіздігі. Ортолайнер эмальға зақым келтірмейді, ал оның әсерін 2,5 млн. астам адам құптайды.
  • Қол жетімдігі. ORTHOLINER  Астана қаласында шығарылғандықтан, оның бағасы шет елдікіне қарағанда төмен. Оған қоса жеткізуге кететін шығыстардан үнемдейсіз.

Дұрыс ортодонттық жүйе – шешуші фактор, оған тістердің саулығы ғана емес, сондай-ақ емделушілердің жайлылығы да байланысты. Емделушілер үшін Ортолайнер таңдау – емдеудің кәдімгі әдістерін қолданбай-ақ көз шағылыстыратын күлкіге ие болу мүмкіндігі, ал ортодонттар үшін – уақыт пен қаражатты үнемдеу.

Біздің зертхана мамандары тапсырысты орнату мен ресімдеуде әрқашан кеңестер береді, ал емделушілер Сізді сау күлкілерімен риза етеді.

Қолдану нәтижелері: дейін және кейін

Қалай Серіктес болса болады

Төмендегі үлгіні толтырыңыз, біз Сізбен жақын уақытта міндетті түрде хабарласатын боламыз: