3D ТІС ҮЛГІЛЕРІН СКАНЕРЛЕУ

Соңғы жылдары 3D технология адамзат өмірінің барлық саласына енді, бұл ілгерілеу стоматология саласында да көрініс тапты. Алайда бүгінгі таңда заманауи 3D сканерді Қазақстандағы кез келген клиника және зертхананың сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Стоматологиялар үшін сандық технологиялардың басымдығы физикалық моделді сақтамауға қажеттілік жоқ болып табылады, себебі зертхана гипстік үлгілерді (көшірме бейнелерді) 3D сканерлеуді жүзеге асырады. Енді емделушілердің барлық деректері мен бейнелерінің барлық базасы компьютерде сақталады, себебі гипстік үлгілер бүлінуі мүмкін. Бұндай тәсіл әлдеқайда ыңғайлы.

«Ortholiner»  қазіргі заманның беталысын назарға алады және де әрдайым жаңа жоғары технологияларды игеруге ұмтылады. Жаңа 3D сканердің арқасында виртуалды үлгілерді алуға болады, соның көмегімен кез келген күрделі реставрациялар жасалады. Емделуші тісінің жоғары дәлдіктегі 3D үлгісі Сіздің емделушіңіздің емдеу тарихын кеңейтеді әрі жеңілдетеді және түрлі конструкцияларды дайындау мерзімін қысқартып, қызмет бағасын төмендетеді.

Сандық көшірме бейнелер немесе тістерді сканерлеу – стоматологиядағы жаңа кезең. Процедура кәсіби аппаратпен жүзеге асырылады. 3D сканердің көмегімен гипстік үлгілердің бейнесін алу өте оңай. Бұл тәсіл қазіргі заманғы стоматологиялық клиникалардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. «Ortholiner» үлгілерді сканерлеу қызметтерін ұсынады. Стоматологиядан гипстік үлгілер (көшірме бейнелер) қысқа мерзімде құрылғымен өңделеді. Үлгілерді сканерлеу қызметтерінің бағасы – 1500 теңгеден басталады. (Сканерлеудің нақты құнын Зертханалардан анықтап алыңыз). Зертхана стоматологиялық клиникалар және кабинеттермен жұмыс жасайды.

Сканер қалай жұмыс жасайды?

Құрылғы құрылымдалған жарықты көшірме бейнеге проекциялайды және осы жарықтың сынумен кеңістік бетіндегі нүктелердің орналасуын қалпына келтіреді. Құрылғы үлгіні бұрады да, автоматты түрде суретке түсіреді. Компьютердегі бағдарлама кіріс деректерін талдап, экранға ақырғы виртуалды үлгіні шығарады.

Заманауи ультра аппараттың көмегімен сканерлеу гипстік үлгілердің егжей-тегжейлі бейнесін алуға мүмкіндік береді, ол 3D-үлгіге қойылады. Жоғары дәлдіктегі фокустау мен оңтайлы дәлдік айрықша сапаға кепілдік береді.

Кез келген стоматология осындай аппараттың қызметіне қызығушылық танытып отыр, себебі соның арқасында дәрігер түпкілікті ақпарат алады. Сканер ақпараттың бұрмалануына жол бермейді. Үлгіге сканер жасау еш қиындық тудырмайды. Ортодонтияның болашағы технологиялық ілгерілеуде!

«Ortholiner» Қазақстанда стоматологиялық клиникалар үшін тіс үлгілерін цифрлау қызметтерін ұсынады. Тез және сапалы! Біз нәтижеге жұмыс жасаймыз.