Элайнерлерге ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқудан өткен клиника дәрігерлеріне тапсырыс беруге болады. Дұрыс емделу үшін ортодонт дәрігердің жүйелі кеңесі қажет, ол Сізге емдеу жоспарын жасап, үнемі тексеру жүргізіп, емдеу кезеңін бақылап отыратын болады.
Төлеуге жайлы болу үшін «SmartForce» зертханасы артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бөліп төлеу шарттарын стоматологиялардан анықтауға болады.
Элайнерлердің брекеттерден негізгі басымдығы мынада: ауруды аз сезіну, шектеусіз үйреншікті тұрмыс қалпы, айналасындағыларға білінбеу, тістердің сау болуын сақтау.
Сайтта көрсетілген барлық ортодонт дәрігерлер ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу үшін сертификаттаудан өтті және жүйемен жұмыс істеуде жеткілікті жұмыс өтілдері бар.
Емделуді бастамас бұрын ORTHOLINER жүйесімен сертификатталған ортодонт дәрігерге көріну қажет. Ортодонттардың тізімімен мына жерде таныса аласыз. Кеңес беру кезінде дәрігер сізге жүйе туралы толықтай айтып береді және диагностикалық материалдарды дайындайды (көшірме бедерлер, ОПТГ, түрлі ракурста түсірілген суреттер, тістеу шаблоны), барлық деректер алдын ала емдеу жоспарымен бірге зертханаға жіберіледі. Зертханада алынған деректердің негізінде емдеудің виртуалды жоспары дайындалады, онда тістердің кезеңмен жылжуы көрсетіледі. Бар ақпарат барлық диагностикалық материалдарды алғаннан кейін 24 сағат ішінде дәрігерге жіберіледі.
ORTHOLINER элайнерлері – бұл тістерді түзеуге арналған алмалы-салмалы ортодонттық шиналар топтамасы. Каппа тіске үнемі мөлшерленген қысым көрсетеді. Емдеу кезінде жақсы ем болу үшін компьютердің белгілеген параметрімен каппаны ретімен жаңасына ауыстыру жүзеге асырылады.