Сұрақ - Жауап:

ORTHOLINER элайнерлері – бұл тістерді түзеуге арналған алмалы-салмалы ортодонттық шиналар топтамасы. Каппа тіске үнемі мөлшерленген қысым көрсетеді. Емдеу кезінде жақсы ем болу үшін компьютердің белгілеген параметрімен каппаны ретімен жаңасына ауыстыру жүзеге асырылады.

Әр каппа алдыңғы каппадан алдын ала белгіленген қадамға озып отырады, сөйтіп ортодонт дәрігердің жоспарлаған түпкі нәтижесіне тістер жылжып отырады.

ORTHOLINER элайнерлерімен емделу уақыты жеке, оны тек ортодонт дәрігерге барғаннан кейін білуге болады.

Емделуді бастамас бұрын ORTHOLINER жүйесімен сертификатталған ортодонт дәрігерге көріну қажет. Ортодонттардың тізімімен мына жерде таныса аласыз. Кеңес беру кезінде дәрігер сізге жүйе туралы толықтай айтып береді және диагностикалық материалдарды дайындайды (көшірме бедерлер, ОПТГ, түрлі ракурста түсірілген суреттер, тістеу шаблоны), барлық деректер алдын ала емдеу жоспарымен бірге зертханаға жіберіледі. Зертханада алынған деректердің негізінде емдеудің виртуалды жоспары дайындалады, онда тістердің кезеңмен жылжуы көрсетіледі. Бар ақпарат барлық диагностикалық материалдарды алғаннан кейін 24 сағат ішінде дәрігерге жіберіледі.

Емделудің нақты бағасын Сіз стоматологиядан біле аласыз.

Стоматологияларда баға әр түрлі болуы мүмкін, өйткені бағаны белгілеу клиника әкімшілігімен өз бетінше қалыптасады.

Диагностика құнын Сіз стоматологиядан біле аласыз.

ORTHOLINER емдеу алмалы-салмалы каппа топтамасының көмегімен жүргізіледі. Әр каппаны тәулігіне 22 сағат 2 апта (14 күн) бойы киіп жүреді.

Сайтта көрсетілген барлық ортодонт дәрігерлер ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу үшін сертификаттаудан өтті және жүйемен жұмыс істеуде жеткілікті жұмыс өтілдері бар.

Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Бішкек, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Шымкент қалаларында элайнерлермен емделе аласыз.

Элайнерлердің брекеттерден негізгі басымдығы мынада: ауруды аз сезіну, шектеусіз үйреншікті тұрмыс қалпы, айналасындағыларға білінбеу, тістердің сау болуын сақтау.

Төлеуге жайлы болу үшін «SmartForce» зертханасы артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бөліп төлеу шарттарын стоматологиялардан анықтауға болады.

Элайнерлерге ORTHOLINER жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқудан өткен клиника дәрігерлеріне тапсырыс беруге болады. Дұрыс емделу үшін ортодонт дәрігердің жүйелі кеңесі қажет, ол Сізге емдеу жоспарын жасап, үнемі тексеру жүргізіп, емдеу кезеңін бақылап отыратын болады.